Әдістемелік жұмыс
Әдіскер — бала тәрбиесіндегі маңызды қызмет, зор жауапкершілік.
Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың әлеуметтік-саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі-білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтар мен түрлі өзгерістер еліміздің білім беру саласында да өз әсерін тигізуде. Мемлекетіміздің тек саясат пен экономика емес, білім беру жүйесінде де үнемі назар аударуы еліміздің болашағы жайындағы кемел ойлардан туындап отырғаны түсінікті. Өйткені, ел байлығы тек мұнай мен газ емес, адам екені белгілі. Қай қоғамда болмасын шешуші фактор – адам және жеке тұлға болып қала бермек.
Педагогика саласында болып жатқан тың өзгерістерді әкелетін, білім үдерісіне енгізетін, жаңалық жаршысы болар әдіскер деп таныр едім. Мен де мектепке дейінгі бала тәрбиесіндегі әдіскермін. Әдіскер үйретуші, бағыттаушы, жаңалықты жеткізуші, шығармашыл тұлға. Әдіскердің бір бойында бірнеше қызмет бар. Ол жаңа үрдісте заманауи технологияларды енгізу арқылы сабақтар, семинарлар, ғылыми жұмыстар мен турнирлер және тағы да басқа сайыс-байқауларды ұйымдастырып өткізуші, басқару арқылы нәтижелерге қол жеткізу қолдаушысы болып танылады. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсет-кіші – білім көрсеткішімен өлшенбекші. Сол себепті еліміздің білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру – кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге орай жаңашыл әдіскер өз алдына келесідей міндеттерді қояды:
Меңгеруші мен жоғары тұрған мекеменің нұсқуы бойынша мекемеде білім және тәрбие беру жұмысын жүзеге асырады;
Тәрбиешілерді марапаттау мен тәртіпке шақыру, ұжымда қалыпты моральды психологиялық орта туғызу;
Балбақшаның әлеуметтік-материалдық базасын қалыптастыруға үлес қосу;
Мекеменің жұмыс жоспары мен стратегиялық жоспарына, даму және өзгерістер енгізу, жаңа бағдарламалар енгізу;
Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын тандап, өндеуге ;
Балалармен тәрбие –білім беру жұмысын ұйымдастыру;
Мекемеде зерттеу, эксперемент жасау жұмыстарын ұйымдастыру;
Тәрбиешілердің кәсіби деңгейіне, еңбек өтілі мен тәжірибесін ескере отырып әдістемелік, тәрбие –білім беру жұмыстарын жоспарлау;
Балабақшаның жұмыс жоспарына ұсыныс беру;
Педагогтардың біліктілігін арттыру;
Өзіндік білімін жетілдіруде педагогтарға көмек ;
Топтардың жас ерекшелігіне арналған оқу кестесін жасау;
Сабақ беріп, өткізуде тәрбиешілерге (бірінші кезекте жас мамандарға, жаңа бастаушыларға) әдістемелік көмек көрсету;
Тәрбиешілерді педагогиканың теориялық және практикалық жетістіктерімен танысырып отыру;
Ата-аналармен жұмысты нығайту;
Оқу -әдістемелік, тәрбие жұмысына үзбей талдау жасап отыру, сол негізде әдістемелік жұмыстын тиімділігін арттыру үшін нақты шаралар қолдану.
Әдіскер – жаңа идеяларды ойлап табушы, теориялық білімі терең, педагогикалық үдерісті кеңінен талдай алатын, ақпараттарды сараптап, қорытынды шығарып, оны жұмыс сапасын жақсартуға дұрыс бағыттай алатын іскер маман деп атауға болады. Сондай-ақ, үнемі ізденіс пен еңбектің нәтижесінде тәжірибе жинақтайтын, бүгінгі қоғам дамуының үддесінен шыға білетін, өз мамандығының шынайы фанаты. Әдіскерлік адам жанының қалауы мен тәжірибесінің нәтижесінде келетін шеберлік. Дамуды тоқтатсаң, әдіскер болуды да тоқтатасың. Әдіскер жеке мамандық иесі бола алмайды. Әдіскерлік жұмыс көп жылдық еңбек пен шеберліктің нәтижесі, бірақ көп жыл істегеннің бәрі әдіскер бола бермейді. Ол – табиғи дарын. Әдіскер құзыретіне жоғары мәдениет, терең ақыл, жан-жақты білім жатады деп өз сөзімді аяқтағым келеді